Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 189 жағдайы расталды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 189 жағдайы расталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты. Тек соңғы өткен тәулікте республика бойынша инфекция жұқтырудың бірден 189 дерегі тіркелді. Осылайша, бір ғана Алматы қаласының өзінде жүзге жуық, Нұр-Сұлтанда 55 науқас анықталды. Антирейтингті еліміздің үшінші мегаполисі мен Алматы облысы тұйықтайды, әрқайсысында вирустың жаңа 8 жағдайы тіркелді. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 788 адам ковид инфекциясынан емделіп жатыр, алты адамның жағдайы ауыр.