Қазақстан мен ЕҚДБ құны 10 млрд доллар болатын жобаларды жүзеге асырды

Қазақстан мен ЕҚДБ құны 10 млрд доллар болатын жобаларды жүзеге асырды

Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанның алдағы бес жылға арналған жаңа стратегиясын әзірледі. Құжатта жеке кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, «жасыл» саясатты қолдау және көміртегі бейтараптығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылған. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қаржылық құрылымның вице-президенті Алан Пиюмен кездесуінде белгілі болды. Тараптар бірқатар саладағы бірлескен жобаларды талқылады.

Ынтымақтастық жылдарында халықаралық қаржы ұйымының қолдауымен Қазақстан 10 млрд доллардан астам сомаға 300 жобаны жүзеге асырды.