Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді

Президент бүгін таңертең Елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, бұл учаскеде 2861 сайлаушы тіркелген. Алғашқы болып келген тұрғындар мемлекет басшысымен тіл қатысып, суретке түсті.

Саяси додадан мемлекеттік басшылық қызметтегі тұлғалар да сырт қалмады. Еліміздің мемлекеттік кеңесшісі  мен Сенат төрағасы өз таңдауларын жасап болған соң елде болатын саяси реформалар мен өзгерістерге қатысты пікірлерін  білдірді.  Мәулен Әшімбаев аралас сайлау жүйесін енгізу қарапайым ел азаматтарының билік ісінде белсенділік танытуына жол ашып бергенін айтты. Сол себепті бұл жолы үміткерлер арасында  жоғары бәсекелестік аңғарылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бұл сайлаудың үлкен жаңашылдықтарының бірі бір мандатты окруктардың кіргізілуі.  Бұл мәжілісте де, маслихаттарда да.  Жалпы осындай жаңалықтар мен, бұндай өзгеріс қоғам тарапынан жақсы қабылданып жатыр деп айтуға  негіз бар. + Елімізде биліктің қайнар көзі халық. Халықтан ешкім жоғары тұра алмайды. Сондықтан халық өзінің таңдауын жасауы керек. + Осы сайлау өткенен кейін сенаторлар жаңа сайланған мәжіліс депутаттарымен қоян-қолтық тығыз жұмыс жасауға дайынбыз. Бәріміз бірге әріқарайда еліміздің алдында тұрған үлкен мақсаттарды жүзеге асыруға өзіміздің үлесімізді қосатын боламыз.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент сайлауы – Президент ұсынған саяси реформалардың заңды жалғасы екеніне баса мән берді.

Ерлан Қарин, ҚР мемлекеттік кеңесшісі:

- Бұл сайлаудың маңызы зор. Себебі бізді саяси жүйеде түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Президент өткен жылдың наурызындағы жолдауында бұл жөнінде атап өтті. Бұл сайлау алда жоспарланған реформаларды одан әрі қарай дамытып, тиімді жүзеге асыруға жағдай жасауы тиіс. Өйткені, бүгінгі сайлау нәтижесі бойынша да Парламентттің құрамы жаңарады, жаңа қоғамдық саяси орта қалыптасады. Бұның бәрі қабылданатын шешімдердің сапасының артуына сеп болады.