Германияда қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды

көрме
24.kz

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 туынды. Германия астанасында суретші Мадихан Қалмахановтың жеке көрмесі өтіп жатыр. Берлиндегі галереялардың бірінде қанат жайған экспозицияда қазақтың тазысы, тұлпарлар бейнеленген картиналар қойылды. Сонымен қатар келген қонақтар натюрморт, пейзаж, портрет жанрларындағы туындыларды да тамашалай алады. Көрме қараша айының соңына дейін жалғасады.

Алексей Шрайнер, Ars Pro Dono галереясының негізін қалаушы:

– Осы туындыға жоғары баға берген бір неміс суретшісі болды. Ол әйнектің шағылысуын үлкен шеберлікпен екінің бірі жеткізе алмайтынын, бұған көзі өткір, қолы алтын және шығармашылық әлеуеті зор суретшінің қабілеті ғана жететінін айтқан еді. Қазақстанға деген қызығушылық ұлғаюда. Қазақ өнерін әлемдік шығармашылық әлеміне қосылған ең қызықты және ерекше өнер деп атар едім.