Қазақстанда утилизациялық алым мөлшері белгіленді

Қазақстанда утилизациялық алым мөлшері белгіленді

Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына утильалым мөлшері 50% дейін төмендетіледі. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мәлімдеді. Роман Скляр еліміздің утиль алымнан толықтай бас тартпайтынын атап өтті. Бұл машина жасау саласына нұқсан келтіріп, елге сапасыз көліктерді әкелуге жол ашуы мүмкін екенін жеткізді. Оған қоса утиль алымнан жиналған 200 млрд-тан астам теңге халық игілігіне жұмсалатынын айтты. Атап айтқанда оның 100 млрд теңгесі жеңілдетілген автонесиелеуге жұмсалады, яғни қазақстандықтарға 4% мөлшерлемемен алғашқы жарнасыз автонесие беріледі. Бұл жеңілдікті 70 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады деп күтілуде.

Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Автобусты несиеге алып, оның пайыздық мөлшерлемесін төлеу біздің жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететіндер үшін қиын. Олар бұл қаражатты қайтару үшін жолақысын көтеруге мәжбүр болады. Сондықтан біз алғашқы жарнасыз 7 жылға қоғамдық көліктерді отандық тасмалдаушыларға сату жөнінде шешім қабылдадық. Осылайша қазақстандық тауар өндірушілерді қолдаймыз. Қомақты қаражат ел тұрғындарының игілігі үшін жұмыс істейді.