15 наурыз – Жайлау күні

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алуға әзірленіп жатқан қазақстандықтар Жайлау күнін атап өтуде. Бұл – табиғат анаға жанашырлық пен қамқорлық күні. Оның аясында өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін дамытуға және денсаулығын жақсартуға ықпал ететін аумақты абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына көп көңіл бөлініп, сенбіліктер ұйымдастырылады. Бұл шаралар жастарды ізгілікке шақырып, саналарына жақсылықты сіңіруге бағытталған.