Теміртауда ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қазақстандық металлургтер Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы Қарағанды облысының ардагерлерін Жеңіс мерекесімен құттықтады. Қарт жауынгерлерге арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Биджу Наир, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас Директоры:

– Компанияның үлкен ұжымы атынан сіздерге алғыс айтып, басымды иемін. Соғыста сіздер нағыз ерліктің үлгісін көрсетіп, жеңіске жетіп, бізге бейбіт өмір сыйладыңыздар. Сондықтан сіздерге мәңгілік қарыздармыз. 

Биыл компания тарапы Николай Куриленкоға ерекше көңіл бөлді. Жеңіс күні қарсаңында майдангер 95 жасқа толып отыр. Қария өзінің егде жасына қарамастан, ұрыс даласына аттанған кезіндегідей бойым күш пен жігерге толы, дейді. Ұлы Жеңісті жас жауынгер Польшаның Висла өзенінің жанында қарсы алған.

Николай Куриленко, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Соғыс басталғанда мен тым жас едім, әскерге алмады. Майдан даласына барып, жауынгерлермен бірге жауға қарсы тұруды армандайтынмын. Сол жылдары әкем қайтыс болды. Ал мен кәмелетке жасқа келген күні бірден соғысқа аттандым. Жақсы әскери бөлімге түстім, зенитті артилерияда болдым.

Бүгінде Теміртау қаласында Ұлы Отан соғысының 6 ардагері өмір сүруде.