Білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

Білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

Қазақстанда мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы жарияланды. Жалпы 2022-2023 оқу жылына 73 мыңнан астам мемлекеттік грант қарастырылған. Былтыр бакалавриатқа 56 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттарды тағайындау конкурсына қатысуға барлығы 80 000-ға жуық өтінім берілген. Өтініштердің басым бөлігі педагогикалық мамандықтарға бағытталған. Сонымен қатар саясаттанушы және тіс дәрігері болғысы келетін жастар да көп екен. 

Ержан Әмірбекұлы, ҚР Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі Департамент директорының орынбасары:

– ҰБТ өткен, бірақ шекті балл жинай алмай қалған талапкерлер болуы мүмкін. Олардың қам жеуіне ешқандай негіз жоқ. Олардың барлығы да шартты түрде ЖОО-ға қабылданады. Және олар 1 семестр бойы оқып, қаңтар айында болатын ҰБТ тестке қатысып, тиісті межелік баллды жинағаннан кейін ары қарай толық студент статусында оқуларын жалғастыруға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан оқушылар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды.