Алматы облысына жылына 1,2 миллион турист келеді

Бір жылда ғана облыстың тұмса табиғатын тамашалауға 1 миллион 200 мыңға жуық адам келеді. Саяхатшылардың көпшілігі Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістаннан. Сонымен қатар демалушылар арасында Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, АҚШ, Франция, Италия, Гонконг және Жапония саяхатшылары бар. Бұл туралы Алматы облысының туризм басқармасы хабарлайды. Сондай-ақ, туристік маршруттардың саны да айтарлықтай артқан. Бүгінде олардың саны 120-дан асып жығылады. Туристік маршруттар оқу-ағарту, экологиялық, орнитологиялық, санаторлық-курорттық, этнографиялық саяхатқа бағытталған.