Өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі азаяды
2028 жылы өңірлердің республикалық бюджетке тәуелділігі 34%-ға төмендейді. Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов айтты. Былтыр бұл бағытта қабылданған шешімдер экономиканың дамуына серпін берді. Жалпы ішкі өнім 6,5%-ға жетті. Соның ішінде көлік – 17,8, құрылыс – 14,6 , тау-кен өнеркәсібі – 17,4, өңдеу өнеркәсібі – 12,2%-ға, сауда – 26%-ға және ауыл шаруашылығы – 5,9%-ға өсті.

