Үкімет туристтік аймақтарға жүргізген тексеру қорытындысын жариялады

Үкімет туристтік аймақтарға жүргізген тексеру қорытындысын жариялады

Бір вице-министр мен 4 облыс әкімінің орынбасары жазаланды. Президенттің тапсырмасынан кейін Үкімет туристтік аймақтарға жүргізген тексерудің қорытындысын жариялап, осындай нәтиже шығарғанын мәлімдеді. Премьердің орынбасары Ермек Көшербаев бастаған ревизия жүргізуші топ Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарындағы туристік нысандарды түгел қарап шыққан. Көп заң бұзушылықты өз көздерімен көрген. Әсіресе, Қапшағай, Алакөл мен Балқаш маңындағы жағажайларда абаттандыру талаптары сақталмаған. Санитариялық талаптар сақталмаған. Нәтижесінде Туризм және спорт вице-министрі мен Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облыс әкімдерінің туризмге жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланған. Енді жұмыс тобының базасында тұрақты жұмыс істейтін Жобалық кеңсе құрылып, саладағы өзге де өзекті мәселелерді шешуге арналған Жол картасы әзірленуі тиіс.