Ономастика саласы қалай реттелмек?
Астана қаласында нақты атауы жоқ 50-ден астам
көше бар. Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәліметінше, оларға әр
облыстағы тарихи жер-су атаулары беріледі. Президент Ұлттық Құрылтайда бұл
саладағы кемшіліктерді атаған еді. Мемлекет басшысы ономастика жүйесін ретке
келтіруді тапсырды. Елді мекендер мен көшелерге халық ішінде кең таралған
сөздерді қолдануды ұсынды.

