Отандық ғалымдар жасанды интеллект арқылы қауіпті ауруларға диагностика жасайтын жүйені ойлап тапты

Отандық ғалымдар жасанды интеллект арқылы қауіпті ауруларға диагностика жасайтын жүйені ойлап тапты

Бірегей жүйе қант диабетінен болған көз іші ауруларын 90%-ік дәлдікпен көрсетеді. Ең бастысы жаңа сандық әдіс дертті қашықтан анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, дәрігер мен науқастың жол мен уақыт машақатын шешеді. Бұл әсіресе шалғай елді-мекендерде тұратын халыққа үлкен көмек. Жүйеге енген сурет автоматты түрде аудан немесе облыс орталығындағы офтальмолог дәрігерінің базасына түседі. Сол кезде маман қашықтан қорытынды жасайды. Жобаның енді бір ерекшелігі – дәрігердің қорытындысы бірден пациенттің электронды денсаулық паспортына тіркеледі.

Еркебұлан Жәнібекұлы, жоба жетекшісі:

- Жүйе мобильді функция камерасын қолдану арқылы ауыл аймақтарда орта дәрежедегі медбикелердің көмегімен көз түбінің суреті түсіріледі де біздің жүйеге енгізіледі. Әрі қарай жасанды интеллект алгоритмі диабеттік ретинопатия бар жоғын және қай стадияда екенін анықтайды.

Назым Абдықасымова, скрининг мейіргері:

- Фост камера биыл апрель айында біздің поликлиникаға әкелінді. міне 400 адам өтті, фост камерамен аурудың алдын ала аламыз. бұл камерамен қант диабетінің асқынуын қараймыз. Келушілер көп, нәтижесі бір 10 минутта дайын болады.

Бүгінде бұл құрылғы Астана мен Алматы қалаларында, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстарындағы 17 мемлекеттік және жекеменшік емханада ендірілген. Айта кетейік, Халықаралық диабет федерациясының былтырғы деректеріне сәйкес әлемде қант диабетімен 537 млн адам өмір сүреді. Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 400-мыңнан асады.