Отандық құрылыс материалдарын қолдану бойынша құқықтық база жасалды

Отандық құрылыс материалдарын қолдану бойынша құқықтық база жасалды

Құрылыс компаниялары отандық құрылыс материалдарын қолдануға міндеттеледі. Бұл саладағы қазақстандық өнім үлесін арттыру үшін жасалмақ, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар сараптамадан өткеннен кейін компанияларды жобаның жиынтық тізімдемесін кешенді сараптама бойынша бірыңғай порталда жариялауға міндеттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді. Бұл бюджет және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен салынатын нысандарға ғана қатысты.

Айта кетейік, қазір мемлекеттік тапсырыс бойынша 100-ге жуық тұрғын және әлеуметтік ғимарат салынып жатыр. Сонымен қатар құрылыс кезінде сәйкестік сертификатын қолдану, сметаларда және орындалған жұмыс актілерінде құрылыс материалдары шығарылған елді көрсету міндеттеледі. Министрліктің хабарлауынша, Құрылыс комитеті осы бағытта құқықтық базаны қалыптастыру жұмыстарын аяқтады.