Президент геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
«ҚазМұнайГаз» компаниясы бұған дейін зерттелмеген және
жіті көңіл бөлінбеген аумақтарда геологиялық барлау жүргізуге ден қойған. Бұл
туралы Мемлекет басшысына. Асхат Хасенов баяндады. Оның айтуынша, Қытайдың CNOOC және Sinopec компанияларымен
Атырау облысындағы Жылыой және Батыс Қазақстан облысындағы Березовский кен
орындарын игере бастаған. Сондай-ақ, Turkish Petroleum Corporation, BP, Хорват
көмірсутегі агенттігі секілді ірі халықаралық кәсіпорындар бірнеше учаскені
зерттеуде. Былтыр 8 іздеу ұңғымасын бұрғылау аяқталды, ал 2029 жылға дейін тағы
24 -ін бұрғылау жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 900 миллион доллардан
асады.
Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы:
- Шеологиялық барлау жұмыстарына арнайы тоқталып өттім.
Президенттің тапсырмасы аясында біз «ҚазМұнайГаз» компаниясы масштабты
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде Қаратом-Подсоль
участкесінде көмірсутектерді айқындадық. Қазір тек қана бір объект сынамадан
өтті. Алдағы уақытта барлық бес объектіні сынақтан өткізетін боламыз.

