Nursai Energy - мұнай-газ секторын құрылғымен қамтамасыз ететін үздік кәсіпорын

Қыркүйектің 28-і мен 30-ы аралығында Алматыда 28-ші Халықаралық «Мұнай және газ» көрмесі өтті. Көрмеге әлемнің және Қазақстанның 196 мұнай-газ компаниясы қатысты. Компаниялар соңғы технологиялық, инженерлік және бағдарламалық жасақтамаларын ұсынды. Сондай үздік компаниялардың бірі – «Нұрсай Энерджи» ЖШС. Компания электр және компрессорлық станцияларды салу және пайдалану, іске қосу, процестерді автоматтандыру, SCADA жүйелерін әзірлеу және техникалық қызмет көрсету, жобалаудан бастап іске қосуға дейін ауқымды қызмет түрлерін ұсынады. Компанияның көрмеге ала келген жаңалығын бірге білейік.