«Көш» деректі фильмі

Қазақ – көшпенді халық. Жыл мезгіліне қарай жайлаудан күздеу, қыстауға, сосын көктеуге көшеді. Қазақтың кең даласында бір жерден екіншісіне көшу төзімділікті және жақсы бапталған атты қажет етеді. Себебі бұл жолда адам да, ат та шаршайды. Бірақ қазақтың қарабайыр жылқылары өте төзімді. Ертеректе батыр бабаларымыз ірі болғаны белгілі. Көштен бөлек, соғыс даласында да қолқанат болған – қазақтың қарабайыр жылқылары.

Назарларыңызға «Көш» деректі фильмін ұсынамыз.