Еліңнен жырақта жүргенде ғана өз ұлтыңның қадір-қасиетін түсінесің… | Қияндағы қандастар

Гүлнар Османалиева, 20 жылдан бері Испанияда тұрады. Испан жеріне тұрмысқа шыққан. Жат жерге келін болып түскенде іштей қобалжу болған. Алайда келген жері осы елге тез сіңісіп кетуіне көмектескен.