Шумайла Йосафзаймен Баянауыл ұлттық саябағына сапар

Шығарылымның басты кейіпкері – Шумайла Йосафзай есімді профессор. Оқытушылықпен бірге үй шаруасын қатар алып жүрген маман Кардиффтегі Ұлыбританияның ең көне университетін тәмамдаған. Қазір елордада еңбек етеді. Кәсіби қызметі менеджмент пен кәсіперлікке негізделген. Яғни шағын және орта бизнесті дамыту жолдарын іздеу және мүмкіндігі шектеулі азаматтар құрған кәсіпорындардың қызметін зерттеумен айналысады. Бағдарлама барысында Шумайла жұбайы Мұратпен бірге көрерменді тек өз отбасымен ғана емес, Иран мен Үндістаннан келген достарымен де таныстырады. Сондай-ақ университет кампусын көрсетіп, аспаздық шеберлігін паш етеді. Бұған қоса кілем тоқу өнерімен де бөліседі. Ал жексенбіде университет қалашындағы көршілерімен Баянауыл ұлттық саябағына жол тартады.