Ақын-сазгер Талғат Сарыбаевтың шығармашылығына арналған кеш

Бүгінгі кеш Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әрбір қазаққа танымал «Гүлдер», «Арай» ансамбльдеріне ұзақ жетекшілік еткен, ақын-сазгер Талғат Сарыбаевқа арналады.   

Өмір бойы музыканы жанымен, тәнімен сүйіп өткен Талғат Сарыбаевқа бұл шынайы сезім, құштарлық ана сүтімен сіңген. Нағыз асылдың тұяғы әкесі ұстатқан ұлттық өнер жалауын ешқашан төмен түсірмеген.