UFC-мен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновпен сұхбат

Бүгінгі бағдарламамызда қазақ футболының ел-классикосы – Астана мен Қайрат арасындағы матчқа шолу жасаймыз.

Сондай-ақ су добы спортының ерекшелігі туралы айтамыз.  

Американың UFC промоушенымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақстандық спортшы – Шавкат Рахмоновпен сұхбат құрамыз. Шавкат, сонымен қатар Қазақстандағы ММА жөнінде айтып береді. 

24 жастағы Шавкат Рахмонов – америкалық UFC промоушенімен келісімшартқа қол қойған алғашқы қазақстандық спортшы. Осы уақытқа дейін ол 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ескеретін жайт, 12 жекпе-жектің барлығын Шавкат мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін спортшымен тілдесудің сәті түсті.