Жаны нәзік, рухы өр. Ұлы дала амазонкалары | Жұмбақ әлем

Амазонкалар туралы не білеміз? Жауынгер әйелдер туралы мәліметтің көбін грек мифологиясынан естігеніміз жасырын емес. Нағыз амазонкалар – сақ, скиф қыздары болғаны туралы нақты дәлелдер бар. Айталық, Алтай тауларындағы Берел, Пазырақ, Шілікті қорымдарынан табылған жәдігерлер сақ дәуіріне сәйкес келеді. Қорымдардың көбінде текті әйелдер жерленген. Олар ерлермен бірге соғысқа аттанып, ат үстінде жауынгерлік ғұмыр кешкен.