Ұлттық қордан балаларға 130 доллар аударыла бастайды

Ұлттық қордан балаларға 130 доллар аударыла бастайды

Бүгіннен бастап қазақстандық балалардың шотына 130 доллардан түседі. Бұл Ұлттық қордың инвестициялық табысынан берілетін қаражат. Қазіргі валюта бағаммен есептегенде шамамен 65 мың теңгені құрайды. Ата-аналар ақшаның түскен-түспегенін 1-ші ақпаннан бастап тексере алады. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтындағы бала шотына оның жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы кіру қажет. Айта кетейік, бұл 2023 жылдан бастап қолға алынған шара. Алғашқы екі жылда әрбір балаға 100 доллардан берілген. Инвестициялық табыс еселенгендіктен, биыл 130 долларға дейін өсірілді. Былтыр бұл қаражатты Қазақстан бойынша 18 жасқа дейінгі 7 млн-нан астам бала алыпты. 305 мың бала кәмілет жасынан асқандықтан шотындағы ақшасын шешіп алған. Талап бойынша, бұл қаражат тек оқуға немесе пәтер алуға ғана жұмсалуы тиіс.