Жаңа зауыттар салынады
Атырау облысында бутадиен және синтетикалық каучук
өндіретін зауыт осы жылдың шілде айында іске қосылады. Ірі инвестициялық жобаны
«Татнефть» компаниясы жүзеге асыруда. Кәсіпорын резеңке-техникалық өнеркәсіпте
және шиналар өндірісінде пайдалану үшін 60 мың тонна синтетикалық каучук, жол
жабындары мен пластмассаларға қажетті 40 мың тонна стирол-бутадиен-стирол
каучук өндіреді. Бұдан бөлек, жыл сайын жоғары октанды бензин ретінде 40 мың
тонна метил-трет-бутил эфирін шығару жоспарланған. Бүгіл Премьер-министр Олжас
Бектенов «Татнефть» бас
директоры Наиль Магановпен мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге
асыруды талқылады. Қазіргі уақытта «Қаратон Подсолевой» учаскесінде 5 жарым мың
метрге терең барлау ұңғымасын бұрғылау жүріп жатыр. Сонымен қатар, Үкіметте
металлургия мен мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру
мәселелері бойынша кеңес өтті. Елде жалпы көлемі шамамен 19 жарым млрд
доллардан асатын, 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 5
ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

