Жаңаөзенде жаңа зауыт ашылды

Жаңаөзенде жаңа зауыт ашылды

Жаңаөзенде жаңа зауыт ашылды. «Каскор-Машзавод» кәсіпорны мұнай-газ саласына қажетті жабдықтар шығарады. Зауыт Президенттің өнеркәсіпті нығайту және экономиканы әртараптандыру тапсырмасы негізінде салынған. Өңдеу саласын арттыратын стратегиялық маңызды жоба жайында тілші материалында.

Жаңадан ашылған зауыт еліміздің мұнай-газ саласы үшін өнім өндіреді. Кәсіпорын жылына 540 мың дана сорғы штангасын, 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырларды және футеровкалы сорғы-компрессорлық құбырларды шығаруға қауқарлы болмақ.