Жастар – жақсылық жаршысы
Астанада халықаралық волонтерлер күні қарсаңында Volunteer FEST-2024 фестивалі өтті. Шараға сауапты істің басы-қасында жүрген 70-ке жуық ұйымының өкілдері қатысты. Фестиваль осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Жобаның өтуіне «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мұрындық болған.
«Алған қолдан, берген қол қайырлы». Бұл – еріктілердің
басты ұстанымы. Себебі, олар біреуден мақтау күтпейді. Жұмысын ақ-адал
атқарады. Фестивальге жиналғандар арасында танымал қоғам қайраткерлері,
блогерлер мен эстрада жұлдыздары да бар. Еріктілердің жұмыстары арнайы
фотокөрмеге қойылған. Жүлдеге іліккен жандар тізімінде Әсемгүл Керейбаева да
бар. Мұқтаж жандарға киім-кешек жинаумен айналысады. Қазір Астана қаласы
бойынша 80 жерде жылу қабылдайды. Осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам адамға көмек
берген.