Жүргізушіге салынған айыппұл күшін жойды

Жүргізушіге салынған айыппұл күшін жойды

Петропавлда көлігін бес минуттан артық қыздырған Алтынбек Әлібековке салынған айыппұл күшін жойды. Аталған факті қоғамда үлкен резонанс тудырған соң прокурорлар арнайы талдау жүргізген. Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарын өрескел бұзғаны анықталды. Іс құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты жабылды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта уақыт бұрын темір тұлпарын 5 минуттан артық уақыт жылытқан қала тұрғынын көршісі ұялы телефонға түсіріп, полицияға шағымданған. Соның салдарынан азаматқа айыппұл салынған. Жүргізуші оны 50 пайыздық жеңілдікпен төлегенімен, кінәсін мойындамай, айыппұлмен келіспеген. Бүгінде штрафтың оған шыныменде негізсіз салынғаны дәлелденіп қаржы иесіне қайтарылды.