2,5 психотропты дәрі тәркіленді

2,5 психотропты дәрі тәркіленді

Трамадолды рецептсіз сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі психотропты препаратты тыйым салынған есірткі заттарының тізіміне 2 жыл бұрын қосқан. Соған қарамастан, биылдың өзінде 2,5 мың данасы тәркіленді. Қазір трамадолды тиісті лицензиясы бар дәріханалар ғана сата алады. Ал, жасырын саудалағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.