Ақмола облысында тау-кен комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысында тау-кен комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысында еліміз бойынша бірегей тау-кен комбинатының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа кәсіпорын жылына 90 мың тонна байытылған каолин өндірмек. Сондай-ақ, жаңа комбинат жаңа 90 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деген болжам бар. Маңызды жобаны «Qazaq Kaolin» компаниясы жүзеге асырып жатыр.