Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорты 54% өсті

Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорты 54% өсті

Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорты ұлғайды. Бұл жерден биылдың 10 айында 2 млн 800 мың тонна шикізат жөнелтілген. Көрсеткіш былтырдың сәйкес кезеңінен 2 есе артты, деп хабарлайды магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық оператор. Мәселен Бакуге отандық қара алтынның тасымалы 1 млн 100 мың тоннадан асып жығылған. Ал Махачкаланың теңіз айлағына жіберілген қазақстандық мұнай көлемі бір жарым млн тоннадан асты. Еске сала кетейік, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий  дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырған болатын. Осыған сәйкес Қазақстан мен Әзірбайжанның салалық компаниялары өзара келісімге тұрды. Тараптар Теңіз кенішінен «Баку – Тбилиси – Джейхан»  мұнай құбыры бағытымен жылына бір жарым миллион тонна шикізат тасымалдау жөнінде уағдаласты.