Ақылы жолдарға қауіпсіздік жарығы орнатылды

Ақылы жолдарға қауіпсіздік жарығы орнатылды

Ақылы жолдардың 22 учаскесінде қауіпісіздік жарығы орнатылды. Атап айтсақ, Астана–Щучинск, Алматы–Қорғас, Шымкент–Тараз және Орал–Ресей шекарасында қойылған. Бұл лазер сызықтары жүргізушіні жолда ұйықтап кетуден сақтайды. Ал тұман, қар немесе қараңғы кезде жол белгілерінің орнын толықтырып, бағытты анық көрсетеді.Еске сала кетейік, мұндай технология елімізде бұған дейін сынақтан өткізілген. Былтыр белсенді лазерлік ескерту жүйесі Астана – Теміртау тасжолының Ошағанды ауылы маңындағы бөлігінде сыналып, нәтижесін көрсеткен.