«Бармауға кеңес беріледі»: СІМ қауіп-қатері жоғары аймақтарды атады
Таяу Шығыстағы ахуал әлі де тұрақты емес. Бүгін Сенат кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев журналистердің бірқатар сұрағына жауап беріп, жазғы демалыс үшін қауіпті аймақтарды атады. Тізімде бірінші Иран тұр. Мұнда әлі де зымырандар шайқасы жүріп жатыр. Одан кейін эпидемиологиялық ахуалы күрделенген елдер аталды: Мысыр, Үндістан, Конго, Уганда және Оңтүстік Судан. Шығыс Азия елдеріне де бармас бұрын ауа райын бақылау қажет. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұған дейін де саяхат үшін қауіп-қатері жоғары аймақтарды атаған. Олардың қатарына Бахрейн, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Ливан, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы, Сирия және Йемен кірген. Мұнда да жағдай айтарлықтай өзгермеген.

