Боранда жолда қалған 760 адам құтқарылды

Боранда жолда қалған 760 адам құтқарылды

Солтүстік аймақта қыстың әзірге қайтатын түрі жоқ. Ауа температурасы әлі төмен. Кей аймақтарда боран тоқтаған жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы ақпарына қарағанда, дауыл күшейіп, жолда қалып қойған 760 адам құтқарылыпты. Оның 36-сы – бала. Мәселен, өткен тәулікте бір Қарағанды облысында қар құрсауында 50-ге жуық көлік тұрып, 407 адам эвакуацияланған. «Астана – Қарағанды – Алматы» бағытындағы жолда қалған 49 адам Қарағанды қаласына жеткізілген. Олардың ішінде 5 бала бар. Құтқарылған жолаушылардың ешбіріне медициналық көмек қажет болмаған. 10 өңірде жол жабылған. Бірақ бүгін сәл күн жылынғандықтан, шетінен ашылып жатыр. Дегенмен, төтеншеліктер әлі де алыс жолға шықпауға азаматтарға кеңес беруде. Синоптиктер аяздың беті осы апта соңынан бастап қайтады деп болжайды.

Еркін Отарғалымұлы, Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Дауылды ескерту әліде жалғасуда. Ауа температурасының 30 градусқа дейін төмендеуі қатты жел, боран, тұман және көктайғақ күтілуде. Төтенше министрлігі азаматтарды дауылды есертулерді ескеруге және ауа-райы нашарлағанда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға шақырады.