Инфляция баяулайды

Инфляция баяулайды

Қазақстанда жылдық инфляция баяулады. Шілдеде ол 14%, ал ай сайынғы инфляция  - 0,6% құрады. Мұндай жағдай еліміздің барлық өңірлдерінде байқалады. Бұл ретте жылдық инфляцияның ең жоғары мәндері Астана, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тіркелді. Бұндай мәліметтерді ел Ұлттық банкі жариялады. Айта кету керек, азық-түлік бағасының өсімі 13,5%-ке дейін төмендеген. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында барынша тез, ал Атырау облысында мейілінше баяу өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 15,0%-ке дейін баяулады. Дегенмен, өткен айда ақылы қызмет құны сәл көтерілді.