Қ.Тоқаев Ақтөбе өңірінің инвестициялық әлеутімен танысты

Қ.Тоқаев Ақтөбе өңірінің инвестициялық әлеутімен танысты

Осы жылы  Ақтөбе облысында 19 ірі жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Президентке өңірге жасаған жұмыс сапары барысында баяндалды. Сондай-ақ аймақта тағы бірқатар инвестициялық және инфроқұрылымдық жоба әзірленген. Мәселен қазір «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Шаһарға «Бұхара - Орал» магистральды газ құбырынан 3-ші желіні тарту көзделген. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев ферроқорытпа зауытындағы балқыту цехтарының газ тазарту жүйесін жаңғырту жұмыстары аяқталғаны туралы да құлағдар етілді. Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының экология мәселесін тез арада шешуді тапсырды.   

Жалпы жыл басынан Ақтөбе өңірінің экономикасына 805 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш былтырдың сәйкес кезеңінен 8,2% көп. Салынған қаржының негізгі бөлігі аймақтың өңдеу өнеркәсібіне және металл кенін игеруге құйылған. Аймақта ауқымды инфроқұрылымдық және өндіріс ошақтарымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Ол іске қосылғалы аграрилерге 6,6 млрд теңгенің несиесі берілген. Сондай-ақ биыл қыркүйек айында қосымша 12,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында шағын жылыжайлар салынып, кондитерлік цехтар мен наубайханалар және сүт пен ет өңдеу нысандары қолданысқа берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-
«Ауыл аманаты» деген бағдарлама жақсы болып шықты, өте тиімді екен. Сондықтан бұл бағдарламаны одан әрі іске асыру үшін біз барлық қолдауымызды көрсетеміз. Бағдарламада жалпы бизнеске әсіресе шағын және орта бизнеске біз аса мән береміз