Қазақстан экономикасы 6,2 пайызға өсті

Қазақстан экономикасы 6,2 пайызға өсті

Үкімет қаңтар-маусым аралығындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесін қорытындылады. Сонымен негізгі көрсеткіштерге тоқталсақ. Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті. Салыстыратын болсақ, былтырғы жарты жылда бұл көрсеткіш 3,2%-тің деңгейінде тіркелді. Премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өсім тіркелген салаларды атады. Олардың арасында көлік және құрылыстың көрсеткіштері өзгелерге қарағанда көш ілгері. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласы, тау-кен өнеркәсібінде, өңдеу секторы мен ауыл шаруашылығында да прогресс бар.