Қазақстан Шанхайда «Khan Tengri Innovation» хабын ашты
Қазақстан Шанхайда «Khan Tengri Innovation» хабын
ашты. Бұл Орталық Еуразиядағы стартаптар мен IT-компаниялардың Қытай нарығына
шығуына арналған алғашқы арнайы платформа. Яғни, отандық жобалар әлемдегі ең
ірі тұтыну нарығына қол жеткізіп, халықаралық деңгейдегі ойыншыларға айналу
мүмкіндігіне ие болады деген сөз. Әрі, Қытай мен Орталық Еуразия арасында жаңа
стратегиялық көпір орнайды. Инновациялық хаб қазірдің өзінде Қытайдың XNode
акселераторымен серіктестік орнатып, даму сатысы әртүрлі стартаптарға арналған
бағдарламаларды іске қосуда.

