Қазақстанда биогаз кешені дамыған
Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенінің қалдықтары биогаз кешені арқылы кәдеге жаратылады. Алматы облысында отандық ғалымдардың тың жобасы іске қосылды. Шикізаттан жасалған жаңа құрылғы жергілікті климатқа бейімделген. Бүкіл процесс арнайы реакторларда өтеді. Нәтижесінде толыққанды биогаз үзіледі,-дейді ғалымдар. Қалған биомасса тазартылып, тыңайтқыш жасауға қолданылады. Бір құрылғы тәулігіне 16 тонна биотыңайтқыш және 30 куб биометан өндіруге қауқарлы.
Салауат Дауылбаев, жобаның Бас инженері:
– Биотыңайтқыш – өнімділікті арттырып, топыраққа пайдалы 100 пайыз таза өнім шығарады. Соңғы уақытта қолданып жүрген химиялық тыңайтқыштар жердің құнарлығын құртады.
Елімізде ірі қара қалдықтарын өңдейтін отандық технология жоқ. Ал шетелдік аналогтар біздің күрт континенттік климатқа төтеп бере алмаған. Сондықтан да фермерлер отандық ғалымдардың тың әзірлемесіне қызығушылық танытып отыр. Мамандардың айтуынша, мобильді автоматтандырылған құрылғы шаруа қожалықтарының тиімділігін арттырады.
Еділхан Әмірғалиев, жоба жетекшісі:
– Оңтүстік облыстарда бір аймақта екі реттен, үш реттен өнім алады. Міне осы жағдайлардың бәріне тыңайтқыш қажет болып отыр. Оның үстіне қазіргі заманда тыңайтқыштардың бағасы көтерілуде. Немесе химиялық тыңайтқыштар. Біздің ұсынып отырған таза биологиялық тыңайтқыштар.
Пилоттық жоба үш жыл сынақтан өтеді. Содан соң ғана құрылғыны коммерцияландырыла бастайды. Аталған биогаз кешенін жүзеге асыруға Ғылым қоры 240 миллион теңге бөлді.