«Кеш емес» жобасының жеңімпазы анықталды
Екі ай бойы біздің арнада көрсетілген «Кеш емес» музыкалық жобасы өз
мәресіне жетті. Бас жүлде Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының тумасы Ақерке
Өскембековаға бұйырды. Ол көпшілікке «Шахтёр қыз» атымен танымал. Жас ару - жер
бетінен 500 метр тереңдікте еңбек ететін шахта қызметкері. Соған қарамастан,
ерекше энергетикасы мен харизмасының арқасында көрерменнің көзайымына айналды.
Жоба барысында Ақерке сегіз кезеңде де жақсы өнер көрсетіп, ерекше образдарымен
есте қалды. Финалға өткен бес үміткердің ішінен озып шығып, 3 миллион теңгені
иеленді. Бұл тың жобада еліміздің түрлі өңірінен 12 қыз-келіншек бақ сынады. Ең
қызығы, үміткерлердің ешқайсысы кәсіби әнші емес. Олардың арасында қаржыгер,
экономист, химик, тіпті геолог та бар. Ақерке Өскембекова Бүгін лайв
бағдарламасына берген сұқбатында, жобаның бала күнгі арманын орындауға
мүмкіндік бергенін айтты. Ал жеңіп алған қаржылай жүлдені шығармашылығын
дамытуға жұмсамақ.
Ақерке Өскембекова, «Кеш емес» жобасының жеңімпазы:
- Өте үлкен дайындықтар болды. Үлкен командамен жұмыс істедік. Бала
кезімнен, мектепте де, университетте де ән айтып көрмегем Әнге деген
құлшынысым, сол Абыз ауылында Вахталық методпен жұмыс жасаймын ғой, 15 күн ән
айтайын, 15 күн өз жұмысымды істей берейін.

