Коста-Рикаға 135 заңсыз мигрант депортацияланды

Коста-Рикаға 135 заңсыз мигрант депортацияланды

АҚШ заңсыз мигранттарды Коста-Рикаға депортациялап жатыр. Бүгін Калифорниядан Сан-Хосе қаласына 135 адам жеткізілді. Олардың жартысы балалар. Ұшақ қонған соң мигранттар Панамамен шекаралас қалаға жолға шығады. Коста-Рика ішкі істер министрінің айтуынша, мұнда олар уақытша күтім орталықтарына орналастырылады. Содан кейін көп ұзамай өз елдеріне қайтуға жағдай жасалады не Коста-Рикадан босқын мәртебесін алса болады. Мигранттардың көбі Қытай, Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан және Вьетнам азаматтары. Айта кетсек, бұған дейін АҚШ 360 адамды Панамаға депортациялаған еді.