Қожаның жаңа бейнесі
Балалық шағымыздың сүйікті кейіпкері Қожа көгілдір экранға қайта оралмақ. Бірақ жаңа форматта. Ең қызығы – басты кейіпкер сол баяғы 60 жыл бұрынғы Қожадан айнымайды. Жарты ғасырдан артық уақыт өтсе де көрермен қайталап көре беретін «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы қалай өрбімек?

