Кредит кешіріледі – жалған ақпарат

Кредит кешіріледі – жалған ақпарат

Жаппай кредит кешіріледі. Демалыс күндері осындай жалған ақпарат тарады. Әлеуметтік желілерде желдей ескен бұл ақпараттың фейк екенін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі растады. Ведомство азаматтарға делдалдардың көмегіне сеніп, алданып қалмауға шақырды. Айта кетейік, елімізде қарыз алушылардың банктермен, микро қаржы ұйымдарымен  және коллекторлық агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасаудың бірыңғай тетігі бар. Егер борышкердің төлеу қабілеті төмендеп кетсе, қиын жағдайға душар болса, сот арқылы банкроттық рәсіммен кредиттерін кешіруге өтініш бере алады. Банкроттық туралы Заң 2023 жылы қабылданды. Өткен жылы екінші деңгейлі банктер 24 трлн теңгеден астам кредит берген.