Құстардың өлексесі сынамаға жіберілді
Атырау облысында
жаппай қырылған құстардың өлексесі Астанаға сынамаға жіберілді. Айта кетейік
мамандар «Ақжайық» табиғи резерват аумағына жүргізген тексеріс барысында
«Шалыға» аралынан 250-ге жуық қанаттының қырылғанын анықтаған. Әлеуметтік
желіге тараған бейнежазбадан арам қатқан құстардың бірнеше түрін байқауға
болады. Осы оқиғадан кейін резерват аумағына экологтар, орман шаруашылығы
инспекциясы, ветеринария басқармасынан құралған топ арнайы барды. Қазір
сараптама жұмыстары жүріп жатыр.

