Мәжіліс үш жылдық бюджетті қабылдады

Мәжіліс үш жылдық бюджетті қабылдады

Мәжілістің жалпы отырысында жаңа үш жылдық бюджет қабылданды. Заң жобасы еліміздің 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген. Оған сәйкес, келесі жылы шығыстар шамамен 24 триллион теңгені құрайды. Бұл биылғыдан 1,5 триллионға артық. Бұдан бөлек, Ұлттық қордан 3,5 триллион теңгеден астам трансферт тарту көзделіп отыр. Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.

Ерұлан Жамаубаев, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі:  
- Бюджет шығыстарының тағы бір маңызды бағыты – өңірлерді дамыту. Бұған республикалық бюджеттен 7 трлн теңгеден аса қаражат  қарастырылған.  Яғни жалпы бюджет шығыстарының 30% құрайды. Өңдеу өнеркәсіптеріндегі ірі жобаларды қаржыландыруға 120 млрд теңге бағытталады.