Қазақстанда депозиттердің проценттік мөлшерлемесі ұлғаяды

Ұлттық валютадағы депозиттердің проценттік мөлшерлемесі ұлғаяды. Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры осындай шешім қабылдады. 11 қаңтардан бастап ең жоғары проценттік мөлшерлеме 3 және 6 айлық мерзімдегі депозиттерге қолданылады. Яғни жинаққа қосылатын мөлшерлеме 2% өспек. Ал бір жылдық мерзімдегі депозиттерге 1% деңгейінде болмақ. Бұл шара қысқа мерзім ішінде қаржылық жүйенің тұрақтылығын қамтып, валюталық нарықтағы спекуляцияның алдын алады деп күтілуде.