Енді Қазақстан мен Түркияның кедендік шекарасы арқылы тауарлар жылдам өткізіледі

Атап айтқанда, екі елдің үкіметтері арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыруды көздейтін құжат одан әрі Сенаттың қарауына жіберілді. Келісімнің ережелерін Мәжілісмендерге Министрлер кабинеті Басшысының орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды. Оның айтуынша, құжатта тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту қарастырылған. Жұмысты бақылауға жауапкершілікті екі елдің кеден органдары белгілейтін құзыретті лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Ерұлан Жамаубаев атап өткендей, ақпарат алмасудың арнайы техникалық шарттары әзірленгеннен кейін пилоттық жоба іске қосылады. Ал келесі кезеңде тараптар тұрақты түрде ақпарат алмасуды бастайды.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі:

- Жалпы, келісім жобасы тараптар арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және оңтайландыруға бағытталған. Аталған келісімді ратификациялау еліміз үшін теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.