«Made in KZ» шетелде сауда үйлерін ашады

Қазақстан келесі жылдан бастап шетелде жаңа сауда үйлерін ашпақ.

Made in KZ брендімен өндірілетін тауарларды сату көлемін арттыру бойынша мұндай жұмыс сауданы дамыту ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған. Ол 2025 жылға дейін есептелген. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша, бұл республикаға бірінші кезекте шикізаттық емес сектор өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, 2022 жылы Қытайда сауда өкілдіктерін іске қосу жоспарлануда.

Айта кетейік, салалық ведомствоның мәліметінше, аспанасты еліне қазақстандық экспорттың әлеуеті шамамен 808 млн долларға бағаланады. Ол металлургия, тамақ өнеркәсібі, мұнай химиясы мен химия, машина жасау және құрылыс тауарлары сияқты салаларда 60 тауар позициясы бойынша жүзеге асады.

Авторы: Гүлбану Тәжібек