«Аватар» фильмі қазақ тіліне аударылды

«Аватар» фильмі қазақ тіліне аударылды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында жазды. Сонымен қатар ол фильмнің екінші бөлігіне анонс жасады. Оның премьерасы 16 желтоқсанға жоспарланған. Осы уақытқа дейін таспа мемлекеттік тілге аударылады. Бұдан бөлек, алдағы уақытта «Қара пантера: мәңгі Ваканда» фильмі де қазақша дубляждалады. Министрдің айтуынша, картина 10 қарашада әлемдік экрандарға шығады.