Астанада «New Music Generation 2022» IV халықаралық композиторлар байқауы өтіп жатыр

Олардың қатарында Германия, Италия, Франция, АҚШ, Қытай, Жапониядан келген қатысушылар бар. Қазылар алқасының назарына барлығы 300-ге жуық партитура ұсынылды. Шығармашылық байқау ерекшеліктерінің бірі қазылар алдына келген жұмыстың авторын білмейді. Олар құпия сөзбен сақталады. Жеңімпаздардың есімдері тек үздіктер іріктелгеннен кейін белгілі болады. Ұйымдастырушылар осылайша бейтараптық пен объективтілік қамтамасыз етіледі деп есептейді. Айта кетейік, байқау 7 қазанға дейін жалғасады.

Алессандро Сольбиати, әділ қазылар алқасы, Италия:

- Мен бүгін осында болғаныма сонымен қатар  осындай ауқымды халықаралық байқаудың қазылар алқасының құрамында болғаныма өте қуаныштымын. Біріншіден, мұнда жастардың көп болуы құптарлық. Бұл мұнда заманауи өнердің дамығанын және оның болашағы бар екенін білдіреді. Тағы бір айта кететін жайт, мен мұндай көп қатысушыларды бұрын-соңды көрмедім. Әрине, бізге, яғни қазылар алқасына жеңімпазды таңдау өте қиын болады.