Астанада Қырғызстанның мәдени күндері аясында көрме ашылды

Этюд, абстракция, натюрморт. Елордада Гапар Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері мұражайының бірегей туындылары ұсынылды. Көрме Қырғызстанның Қазақстанда өтіп жатқан мәдени күндері аясында ашылды. Экспозицияға бауырлас халықтың кеңге танымал 20 қылқалам шеберінің 50 үздік жұмысы қойылған. Таңдамалы картиналар түрлі тақырыпты қамтиды. Дені көрші елдің сұлу табиғатын бейнелейтін пейзаж жанрында салынған. Ал енді бірі қырғыз халқының тұрмыстық-салты, ұлттық құндылықтары мен бай мәдениеті және терең тарихынан сыр шетеді. Мақсат қос елдің үндестігін паш ету дейді, қырғызстандық суретшілер.

Таалайбек Усубалиев, Қырғызстанның халық суретшісі:

Мен осы текті мәдени алмасу іс-шаралары жиірек болғанын қалаймын. Себебі бауырлас елдердің ортақ құндылықтары дәріптелген сайын, халқымыздың рухани сабақтастығы жаңғыра түседі. Мәдениет пен тарихтың түп тамыры бір екенін жастар ұғынып, сезінулері керек. Ертең концерт береміз. Өзгеде шығармашылық шаралар көзделген. Біз 350 адам болып келдік. Бәрі еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері.